Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы пирамидаларының белгілері қандай, одан қалай сақтану керек

Қаржы пирамидаларының белгілері қандай, одан қалай сақтану керек

Әдетте адамдарды қаржы пирамидаларына БАҚ пен әлеуметтік желілерде еш қиындықсыз жоғары табыс табуға болады деген жарналамалар арқылы тартады. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаржы пирамидаларын көбіне шет мемлекеттің адамдары ұйымдастырады. Түрлі сызбалаларды ұйымдастыру және дамыту әлеуметтік желі арқылы жүргізіледі. Бұл орайда «Forex» «Advacash», «Teletrade» сынды танымал компаниялардың символикалары пайдаланылады.
Алайда, тексеру барысында олардың аталған компаниялармен еш байланысы жоқтығы, ал қазақстандықтардың салымы шетелге кететіндігі анықталып отыр. Осы жылдың сәуірінде полицияға 45 және 65 жастағы екі әйелге қатысты ұжымдық шағым түсті. Күдіктілер салымшылардың ақшасын еселеп беру желеуімен мессенджерде топ құрып, оған қатысушыларды тартқан.
Чатта алаяқтар биржада тез арада зардап шегушілердің қаражаттарын еселеп беруге уәде еткен. Бірақ, тергеу барысында аталған әйелдердің қаржы жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екендігі анықталды. Олар салымға 100 пайыз кіріс алып беру желеуімен шамамен 70 адамды қаржы пирамидасына тартқан. Ел азаматтарына келтірілген шығын 157 млн теңгеден асып жығылады. Қазіргі уақытта айыпталған 2 әйел де сотталды. «Алаяқтық жобалардың» негізгі белгілері мыналар:
– бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жоғары кіріске уәде беретін жарнама;
– бизнесті ұйымдастыру желілік маркетинг принципімен жүргізіледі, яғни қатысушылардың табысы қатарға қосылған жаңа адамдардың салымы есебінен қалыптасады;
– жұмыстарын шетелдегі жылжымайтын мүлік, алтын өндіру, биржалық мәміле, «Forex» нарығы сынды салаларды жүргізетіндігін мәлімдейді;
– ақша тарту қызметін жүзеге асыруға лицензиялары болмайды;
– ақша аудар интернет көмегімен жүргізіледі виртуалды ақша түріндегі жинақ жеке кабинетте көрінеді.
inform.kz
20 желтоқсан 2020 ж. 356 0