Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді. 

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі. 
Қазақстанда өндірілген «Спутник V»-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады, — деді Асқар Мамин.
ҚР премьер-министрі Қазақстанда «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің ерекше маңыздылығын атап өтті.
baq.kz
21 желтоқсан 2020 ж. 504 0