Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырдағы «Назарбаев» атындағы зымыран кешеніне 330 миллион доллар бөлінеді

Байқоңырдағы «Назарбаев» атындағы зымыран кешеніне 330 миллион доллар бөлінеді

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мәмин «Бәйтерек» зымыран кешенін дамытуға бюджеттен шамамен 330 миллион доллар бөлінетінін айтты, деп хабарлайды centralasian.org 
Қыркүйек айында Ресейдің ақпарат құралдары кешен атауын Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгерту бастамасы туралы жазған.
«Биыл сәуір айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Байқоңыр ғарыш айлағындағы ауқымды жоба – «Бәйтерек» экологиялық қауіпсіз ғарыш зымыран кешенін дамытуды тапсырды» деді Асқар Мамин.
Айта кетейік,  «Назарбаев старты» деп атау жөнінде Ресей бастама көтергенін атап өткен.
Қыркүйек айында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путиннің «Бәйтерек» зымыран кешенінің атауын «Назарбаевқа» өзгерту ұсынысын қабылдаған.
15 қараша 2019 ж. 945 0