Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » А.Мамин «Роскосмос» басшысы Д.Рогозинмен «Назарбаев старты» жобасын талқылады

А.Мамин «Роскосмос» басшысы Д.Рогозинмен «Назарбаев старты» жобасын талқылады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылу жағдайымен және перспективаларымен танысты.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Байқоңыр қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылау аясында Асқар Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған бес 50 пәтерлі үйлердің алаңына барды.
Премьер-Министрге қаланы газдандыру және сумен қамту, қонақ үй кешендерін салу және реконструкциялау, Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» АЭА құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
 «Союз МС-15» пилотталатын кораблін ұшыруды бірлесіп бақылаған соң Үкімет басшысы ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д.Рогозинмен «Назарбаев старты» ғарыш зымыраны кешенін құрудың қазақстандық-ресейлік жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.
2019 жылы 7 қыркүйекте Мәскеу қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев пен РФ Президенті В.Путиннің кездесуі барысында ресейлік тарап «Бәйтерек» жобасын «Назарбаев старты» деп қайта атауды, сондай-ақ, оны тиімді іске асыру үшін «Союз-5» және «Союз-6» зымыран тасығыштарын ұшыру үшін бірегей стартты, сондай-ақ пилоттау бағдарламасын алып тастауды қарастыратын жаңа жағдайларды қарастыруды ұсынған еді.
https://kyzylorda-news.kz/news/kogam/30747-amamin-roskosmos-basshysy-drogozinmen-nazarbaev-starty-zhobasyn-talylady.html
26 қыркүйек 2019 ж. 676 0