Путиннің сөздерінен кейін "Бәйтерек" атауы өзгереді

Сенбі, 7 қыркүйекте Путин Мәскеуде болған Қазақстанның экс-президентімен кездесу барысында Ресей мен Қазақстан бірлесіп Байқоңырда салып жатқан "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне атауды ұсынған.
Ұсыныс Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин және цифрлық даму, инновация министрлері мен Қазақстанның аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Асқар Жұмағалиевтің көзінше айтылды.
Байқоңырда "Союз-5" зымыран-тасығыштарының ұшу сынақтарының басталуы 2023 жылға жоспарланған, қажетті жерүсті инфрақұрылымы да 2023 жылға дайын болуы тиіс. Ал "Союз-6" зымыранын сынау 2025 жылға жоспарланған.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/putinnn-sozdernen-keyn-bayterek-atauyi-ozgered-300912/