Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Ұлт денсаулығы – басты назарда» жобасы жүзеге асырылуда

Қызылордада «Ұлт денсаулығы – басты назарда» жобасы жүзеге асырылуда

Қызылорда облысында желтоқсан айынан бастап «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі «Ұлт денсаулығы – басты назарда» жобасын жүзеге асыруда.
Аталған жоба арқылы денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды жақсартуға, соның ішінде COVID-19 пандемиясына орай  денсаулық сақтау саласына әлеуметтік аудит жүргізілмек. Қызылорда облысында мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен және бизнес құрылымдарымен диалог пен ынтымақтастық құру арқылы көмектесу.
Жобаны іске асыру барысында қоғамдық бірлестік алдына келесі міндеттерді жүзеге асыруды қойды:
  • денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралар кешеніне әлеуметтік аудитті жүзеге асыру арқылы Қызылорда облысы тұрғындарының қажеттіліктеріне сәйкес денсаулық сақтау қызметтерін ұсыну мен оны алудың тиімділігін арттыру.
  • Қызылорда облысында ақпараттық науқан арқылы мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтерді алу саласындағы халықтың сауаттылығын арттыру және құқығын қорғау.
Жоба шеңберінде аймақта тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізіледі. Сондай-ақ мемлекеттік органдарға, медициналық мекемелерге және бизнес құрылымдарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар пакетін әзірлеу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
«Ұлт денсаулығы – басты назарда» жобасын «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы аясында Еуразия қорының қолдауымен жүзеге асыруда.
Барлық сұрақтар бойынша +7 7242 263096 нөмірі бойынша хабарласа аласыздар.
kyzylorda-news.kz
22 желтоқсан 2020 ж. 526 0