Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » -42 градусқа жетеді: Қазақстанның төрт аймағында қатты аяз болады

-42 градусқа жетеді: Қазақстанның төрт аймағында қатты аяз болады

Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дауылды ескертудің болуы 95-100% құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысында 25 желтоқсанда ауа температурасының күрт төмендеуі -20-25 градусқа дейін, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз, 26 желтоқсанда түнде -25-30, кей жерлерде -33 градус аяз болады деп күтілуде.
Павлодар облысында 26 желтоқсанда ауа температурасының күрт төмендеуі -30-35 градусқа дейін, облыстың солтүстігінде 38 градус аяз,  27 желтоқсанда түнде -32-37 градус, кей жерлерде -40 градус қатты аяз күтіледі.
Ақмола облысында -26 желтоқсанда ауа температурасының күрт төмендеуі 20-25 градусқа дейін, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз, түнде 27 желтоқсанда -25-30, кей жерлерде -35 градусқа дейін суытады.
Шығыс Қазақстан облысында 26 желтоқсанда ауа температурасының -30-35 градусқа дейін күрт төмендеуі, 27 желтоқсанда 37-42 градусқа дейін қатты аяз болады күтіледі.
stan.kz
24 желтоқсан 2020 ж. 228 0