Жаңа жыл мерекесінде үйге қанша адамды қонаққа шақыруға болады

Оның айтуынша, адам саны 10-нан асса, ол адамдардың жаппай жиналғанын білдіреді. «Жаңа жыл – отбасылық мереке. Онда бір отбасы болып тұратындардың бәрі жинала алады: ата-әжесі, ата-анасы мен балалары. Отбасы мүшелері 15 адам болса да болады. Яғни, Жаңа жылды бірге тойлай алады», - деді ол.
Сонымен қатар, ол коронавирус бойынша жағдайдың ушығып жатқанын ескере отырып, карантин талаптарын мұқият сақтауға шақырды. «Жасыратыны жоқ, жағдай күрделі. Бүгінде біз «сары» аймақта тұрмыз. Барлық сақтық шарасын қоғамдық жерлерде ғана емес, отбасыңызда да сақтау керек. Біздің барлық талабымыз сақталған жағдайда ғана инфекцияға қарсы тұра аламыз», - деді Жандарбек Бекшин.