Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт болашағы – білімді ұрпақ

Ұлт болашағы – білімді ұрпақ

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Саягүл Махашева білім саласы қызметкерлерімен кездесті. Басты мақсат – сапалы білім беруді қамтамасыз ету.Нақтырақ айтсақ:
– Орта мектеп жанынан қосымша топтар ашу арқылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқумен толық қамту;
– Орта мектептерді кезең-кезеңімен жаңа модификацияланған пәндік кабинеттермен (химия,биология,физика)жабдықтау;
– 2020-2025 жылдар аралығында "педагог-шебер","педагог-зерттеуші", "педагог-сарапшы", "педагог-модератор" санаттары бойынша педагогтар үлесін 52%-дан 85% жеткізу;
– Бірнеше мектепті жаңадан салуға ықпал ету;
– Көпбалалы отбасы балаларын қашықтықтан оқыту жағдайында тиісті құрылғылармен қамтамасыз ету;
– Инклюзивті білім беруге жағдай жасау;
– Мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-де жоғары балл жинауына және мемлекеттік білім грантын иеленуге қол жеткізу.
"Білім – жанып тұрған шырақ" десек, сол шырақты жағушы жақсы ұстаз ғана мектептің жүрегі болмақ. 
Ол алғашқы пікір алмасу, алғашқы кездесуін жауапкершілік жүгін бірге арқалап келе жатқан әріптестерінен бастады.
Әріптестері елдің кемел келешегіне сенеді. Олар ұлт болашағын тәрбиелеуде "Өз уақыттарын аямай, бала бақытын аялайтындықтарын жеткізді. 

"Nur Otan" партиясының Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді

24 желтоқсан 2020 ж. 775 0