Қызылордада екі күнде 13 қылмыстың беті ашылды

Облыс бойынша барлығы 524 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Мәселен, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзудың 4 дерегі тіркелсе, түнгі тыныштықты бұзудың – 22, қоғамдық орында алкогольдік мас күйде болудың – 47 дерегі анықталды.
Жол қауіпсіздігіне келер болсақ, жылдамдықты асырған 98 жүргізуші, жаяу жүргіншіге жол бермеген 10 және көлікті мас күйде басқарған 9 жүргізуші заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Айта кетерлігі, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел шарасы өткізіліп, полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаратын болады.