Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантиндік талап сақталуы тиіс

Карантиндік талап сақталуы тиіс

Қадірлі жерлестер! Құрметті аудан тұрғындары!
Баршамыз асыға күтетін үлкен мереке – Жаңа Жыл да таяп қалды. Құт келсін деген халық даналығымен жаңа жылдық бастаманы мерекелік көңіл күйде әрі ерекше ықыласпен қарсы алған абзал. Дегенмен, жақсылық пен жамандықтың қатар жүретінін естен мүлдем шығармауымыз керек. Себебі соңғы кездері көпшілік жерлерде бетперделік режим сақталмай, топтық жиындар жиілеп, мереке қарсаңында бекітілген қауіпсіздік шараларына мән берілмеуде.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтілді. Себебі, эпидемиялық ахуал толық тұрақталғанша сақтық шараларын қатаң ұстанбасақ, жағдай одан сайын ушығып, ырыққа көнбей кетуі мүмкін. Бұл ретте той-томалақты, топтанып жүруді барынша тыйған жөн. Әсіресе бүгінгінің «алтын ережесін» алдағы мереке күндері әсте ұмытпауымыз керек.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес: 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынды.

Сондықтан да, өзіміз үшін, жақындарымыз үшін сақтық шараларын күшейтіп, қабылданған шектеу шараларын қатаң ұстануға шақырамыз. Жаһанды жүрісінен жаңылтқан індетке бей-жай қарамайық!
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

14 желтоқсан 2020 ж. 426 0