Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ САҚТАЛУЫ ТИІС

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ САҚТАЛУЫ ТИІС

Елімізде екі айға жуық созылған төтенше жағдай режимі аяқталды. Дегенмен, карантиндік шектеулер әлде де жалғасады. Себебі, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі толық аяқталған жоқ.
Алайда, көпшілігіміз қауіптің әлі де жойылмағандығын білсек те, көшеде бетпердемен жүру қажеттілігін естен шығара бастадық. Бұл бірінші кезекте өзіңізге және тұтас қоғам үшін қауіпті.
Осы орайда шектеу шаралары, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатындығын естен шығармауымыз қажет. Өйткені, бүгін ауданымызда коронавирус инфекциясына шалдығудың тағы 2 дерегі тіркеліп отыр. Індетті жұқтырудың қауіпін тудырып отырған екі науқас Атырау облысында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ауданымыздың тұрғындары.
Сондықтан, сақтық шараларын әлде де назарымыздан шығармай, жеке бастың гигиенасына баса назар аударуымыз керек. Сонымен қатар, жұмыс берушілер өз қызметкерлерін кәсіпорынның немесе нысанның меншік нысанына қарамастан, жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етуі қажет. Барлық персонал бетперде, қолғап және өзінің технологиялық киімінде болуы тиіс. Дүкендер мен шаштараз қызметкерлері міндетті түрде бетперде, бас киім және фирмалық киімнің үстіне қолғап киіп жүруге тиіс. Барлық үй-жайлар үнемі желдетіліп, ал жұмыс орындары дезинфекциялау құралдарымен өңделуі керек.
Біз осы аталған сақтық шараларын босаңсытпай, карантин шараларын сақтау әлі де өзекті екенін естен шығармағанымыз жөн.
16 мамыр 2020 ж. 2 241 0