Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік қызмет көрсетудегі өзгерістер

Әлеуметтік қызмет көрсетудегі өзгерістер

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылар мен жеткізушілердің тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдан бастап Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (әрі қарай – Портал) енгізілді.Осы бірыңғай цифрлық алаңда мүгедектігі бар адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарын интернет жүйесіне қосылған құрылғымен (компьютер, ноутбук) aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі.
Портал арқылы қызмет алу мүгедектігі бар адамның өз құрылғысы немесе қалауы бойынша жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері, Азаматтарға арналған корпорацияларында және ауылдық округ әкімдіктерінде ұйымдастырылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы (зоны самообслуживания) жүзеге асырылады.
Биылғы жылға жоспарланған 3699 техникалық оңалту құралдарының  1376-сі  (30,9%) Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы, 1337-сі өткен жылы сатып алынған техникалық оңалту құралдары есебінен қамтылуда. Бүгінгі күнге мүгедектер тарапынан Портал арқылы тапсырыстар беру жалғасуда.
2020 жылдың қазан айынан бастап енгізілген пилоттық режимдегі санаторий-курорттық емделу қызметін, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметін, ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге 30 мүгедектігі бар адамдар жоспарланса, бүгінгі күнге 32 өтінім Портал арқылы артығымен орындалды (11 мүгедектігі бар адамдар ымдау тілі қызметін, 10 адам жеке көмекшінің әлеуметтік қызметін, 11 адам санаторлы-курорттық емдеу қызметін алуда).
Бүгінгі күні Порталдағы тізілімде Қызылорда облысының 97 өнім берушісі тіркелген (91 – әлеуметтік қызмет көрсету, 2 – санаторлық-курорттық емдеу және4 – кепілдендірілген әлеуметтік топтама ұсыну).
Көмектің кепілдік берілген түріне тапсырыс беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі күнге облыс бойынша 15703 мүгедектігі бар адамдардың12167 (77,5 %) электронды цифрлық қолтаңбалармен қамтамасыз етілген.
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
29 желтоқсан 2020 ж. 482 0