Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда «қызыл» аймақта жалғыз облыс қалды

Қазақстанда «қызыл» аймақта жалғыз облыс қалды

Атырау облысы «қызыл» аймақта тұр.

Қазақстанда қазіргі таңда бір облыс қана «қызыл» аймақта тұр,- деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
29 желтоқсандағы жағдай бойынша «қызыл» аймақтан әлі де Атырау облысы мен Қостанай облысы шықпай тұрған. Алайда бүгінгі матрица Қостанай облысының «сары» аймаққа өткенін көрсетті.
Сонымен қатар «сары» аймақта Қостанаймен бірге Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы бар.
aikyn.kz
30 желтоқсан 2020 ж. 489 0