Қазақстан коронавирус бойынша «сары» аймаққа өтті

25 желтоқсандағы жағдай бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта орналасқан. «Сары» аймақта – Алматы, Нұр-Cұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Коронавирустың таралу қарқыны бойынша елдің басқа өңірлері «жасыл» аймақта орналасқан.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Қазақстан «жасыл» аймақта болды.
Қазақстанда өткен тәулікте 736 адамда коронавирус анықталды. Жалпы елде 150 198 жағдай расталды.
kyzylorda-news.kz