Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда "Парыз" конкурсының қатысушысы марапатталды

Аралда "Парыз" конкурсының қатысушысы марапатталды

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан ұйымдастырылып келе жатқан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2020» республикалық конкурсына қатысқан жергілікті кәсіпкер Мейрамбек Құлмырзаевты марапаттады.
Бұған қоса, пандемия жағдайында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қызметкерлерді тұрақты жұмыспен қамтуда, аудан жұртшылығына бағытталған қайырымдылық шараларына атсалысқан кәсіп иесіне облыс әкімінің арнайы алғыс хатын табыс етті.
Басқосуда аудан әкімі кәсіп иесін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, аталған конкурсқа белсене қатысқаны үшін алғысын білдірді.

– Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап әбігерге салған, қаншама саланы тұралатқан коронавирус індеті елімізді біршама сынға алды. Дегенмен, биылғы жыл біздің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы болды. Соның ішінде, аудан тарихында алғашқы рет Арал қаласындағы 33 көше «Арал құрылысы» ЖШС арқылы жөндеуден өтті, – деді аудан әкімі М.Оразбаев.

Атап өту қажет, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «Парыз» конкурсына Арал ауданы бойынша «Арал құрылысы» ЖШС-тігі 2014 жылдан бастап жыл сайын қатысып, «Парыз» конкурсының міндеттерін жүзеге асырып келеді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

01 қаңтар 2021 ж. 483 0