Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапақ ауылдық округінің әкімі құрметті демалысқа шықты

Сапақ ауылдық округінің әкімі құрметті демалысқа шықты

Күні кеше Сапақ ауылдық округінің әкімі Әлмырзаев Сәтбай Тәлекенұлын әріптестері құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Еңбек жолын «Арал» совхозында құрылыс жұмысшысы болып бастаған Сәтбай Тәлекенұлы Арал қаласының әкімі, аудан әкімінің орынбасары, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бастап бүгінге дейін Сапақ ауылдық округінің әкімі қызметін абыройлы атқарып келді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Сәтбай Əлмырзаевты 63 жас мерейтойымен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуі мен Сапақ ауылдық округінің дамуы жолындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен шапан жапты. Сондай-ақ аудан көлеміндегі ең үлкен марапат - Арал ауданының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Өз кезегінде Сәтбай Тәлекенұлы аудан әкіміне және әріптестеріне зор алғысын жеткізіп, ел игилігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

28 қараша 2020 ж. 526 0