ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТ ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚТЫ
Күні кеше Сазды ауылдық округінің әкімі Таңымбетов Әділхан Төлегенұлын әріптестері құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Әділхан Төлегенұлы еңбек жолын жұмысшы, экономист болып бастаған. 2005 жылдан бері Сазды ауылдық округінің әкімі қызметін абыройлы атқарып келді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әділхан Төлегенұлын 63 жас мерейтойымен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуі мен Сазды ауылдық округінің дамуы жолындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен шапан жапты. Сондай-ақ аудан көлеміндегі ең үлкен марапат - Арал ауданының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Өз кезегінде Әділхан Төлегенұлы аудан әкіміне және әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игилігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.