МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӨРІСТЕТКЕН АУЫЛ

Сазды ауылының тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Өткен жылы «Агробизнес» бағдарламасымен «Кемаладин» шаруа қожалығы 31 бас жылқы алса,«Іскер» бағдарламасы бойынша 5 кәсіпкер жылқы, сиыр малдарын алып, санын арттыру үшін жұмыс жасауда. Сондай-ақ, «Сыбаға» бағдарламасымен «Нұрбақыт» шаруа қожалығы кәсіпкерлік мақсатта 200 бас қой, ал «Нұр» шаруа қожалығы 82 бас қой алып,бағып-өсіруде.
Округ бойынша 17 жеке кәсіпкер халыққа қызмет жасауда. Екі кәсіпкер автобуспен «Сазды-Арал» бағытында қатынап, жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. «Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін 3 азамат оқып шығып, сертификаттарын алған.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары аудандағы атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.