АҚИРЕКТЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП, ЕГІС КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Ауылдық округтің жер көлемі 39842 гектар. Округ тұрғындарының негізгі кәсібі - егін егу және мал шаруашылығы.
«Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы жеке кәсіпкер Әлібаева Гүлнар жем-шөп қорын сақтау қоймасын салу мақсатында 3,0 млн.теңге және жеке кәсіпкер Нұрманов Санат тамшылатып суару арқылы «Алма ағашын өсіру» жобасы бойынша 4,5 млн.теңге алды.
«Бастау Бизнес» оқыту курсын оқып аяқтаған ауыл тұрғыны «Жылқы малын өсіру» жобасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы қаржыландырылып, жылқы малын алса, бір тұрғын өз қаражаты есебінен азық-түлік сату дүкенін салды
.
2018 жылдың сәуір-маусым айларында ұзындығы 16,7 км болатын «Басықара» каналы тазаланып, канал бойындағы гидротехникалық құрылымдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, «Шолақарық» каналдарын тазалау, канал бойындағы гидротехникалық құрылымдарын жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік өтінім тапсырылды.
2018 жылы ауылдық округ бойынша 66,5 гектар жерге егін егіліп, 863,1 тонна өнім алынды.
Өткен жылдың аяғында медициналық бекет салынып, пайдалануға берілді.
Ауыл тұрғындары тарапынан туындаған сауалдарға аудан әкімі тиісінше жауап беріп, тұрғындар тілегі басты назарда екендігін атап өтті.