Министр қазақстандық оқушылар қандай жағдайда мектепке орала алатыны туралы айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қазақстандық оқушылар дәстүрлі оқу форматына қашан орала алатыны туралы сұрақ қойылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Министр Қазақстандағы дәстүрлі оқуға оралу коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін түсіндірді.
«Біз күнде бақылау жүргізіп отырмыз. Біз үшін желтоқсан мерекелері мен жаңа жылдан кейінгі деректерді, сондай-ақ алдағы екі аптадағы кезеңді өлшеу маңызды. Осының негізінде жағдайдың одан әрі дамуын түсініп, КВИ бойынша шараларды әлсірету немесе күшейту туралы шешім қабылдаймыз», – деп түсіндірді министр.
Денсаулық сақтау министрі мерекелерден кейін науқастар саны көбеюі мүмкін екенін атап өтті.










