Интернет арқылы тауарға тапсырыс бергенде алданбау үшін не істеу керек?
Пандемия кезінде интернет арқылы тауарға тапсырыс беріп, алаяқтарға алданып қалғандар көбейген.
Карантинде әлеуметтік желі, сайт арқылы тауарға тапсырыс беруге сұраныс артқан. Мәселен, былтыр елімізде 14 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалды, – деп жазады 24.kz. Астанада мыңнан астам қылмыс тіркелген.
Алаяқтар көбінесе, «тауарды жеңілдік сатамын» деп жиі хабарландыру береді. Бірақ тапсырыс беруші тауар бағасының 50%-ін төлеген соң алаяқ із-түзсіз жоғалады.
Полиция департаментінің мәліметінше, астанада мыңнан астам қылмыстық іс тіркеліп, оның 782-сі ашылды. Әлеуметтік желіде жаңа үлгідегі смартфондарды 50 пайыз жеңілдікпен сататындар көп. Төмен бағаға қызыққандар онлайн төлем жасаған соң, алданғанын кеш түсінеді.
Қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Саят Дүйсембаев: «Интернет алаяқтықпен айналысатын адамдардың саны – 17 топ. Оларға қылмыстық жауапқа тартылды. Жәбірленушіге келтірілген шығынды қайтарып берді. Жаңа жыл қарсаңында 4 факт тіркелді. Ол кісі 2 адамды сан соқтырған. Кішкентай балаларға жаңажылдық сыйлық, ойын ойнатамыз» деп алдаған», – дейді.
Полицейлер алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін сайт, әлеуметтік желі арқылы тауарға тапсырыс бергенде бейнеқоңырау арқылы тауардың бар-жоғын тексеруге кеңес береді. Тауарды үйге жеткізіп берген соң төлем жасаған дұрыс.
aikyn.kz