Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Психолог адамның телефонға тәуелді екенін қалай білуге болатынын айтты

Психолог адамның телефонға тәуелді екенін қалай білуге болатынын айтты

Психологтың айтуынша, бұл құрылғылар біздің санамызға сіңіп бара жатыр. Себебі адамдар сезім мен эмоциясын сөзбен емес, стикерлермен жеткізе бастады. Адамның телефонға деген психологиялық тәуелділігін бірқатар әдеті арқылы анықтауға болады. Бұл жайлы "Прайм" агенттігіне психолог Дмитрий Синарев айтып берді.
Ең басты белгісі – адам құрылғыны үнемі назарда ұстайды. Телефон адамның қолында жүреді немесе ол смартфонды көзіне көрініп тұратын жерге қояды. Әңгіме барысында қандай да бір сұрақ туындаса, тәуелді адам сұрақтың жауабын табу үшін телефонына үңіледі. Кей жағдайда қолдау іздейді.
"Мұны тіпті психологияға қызықпайтын адам да  аңғара алады. Әлеуметтік желіде, хабарлама жазған кезде мұндай адамдар грамматикалық және стилистикалық қате көп жібереді. Себебі мұндай адамдар гаджеттің "миына" сүйенеді және жазғанын тексеруге ұмтылмайды. Өз ойын жеткізудегі мұндай сенім де тәуелділіктің белгісі", - деді маман.
Қазіргі кезде көптеген адам күнделікті өмірде смартфонсыз жүре алмайды. Ішіндегі карта арқылы жүретін жолын анықтайды, қанша қадам басқанын көріп отырады. Әлеуметтік желіде жақындары мен таныстарының өмірін бақылауға мүмкіндік бар, сонымен қатар жаңалық оқиды.
Психологтың айтуынша, бұл құрылғылар біздің санамызға сіңіп бара жатыр. Себебі адамдар сезім мен эмоциясын сөзбен емес, стикерлермен жеткізеді.
"Біз сол смайлдарды қолданып, сөйлеуге уақыт бөлмейміз. Бұл тенденцияның басты қаупі – адамдар бағдарламаланып бара жатыр, соның салдарынан басқару оңай болады", - деп толықтырды психолог.

sputnik.kz



05 қаңтар 2021 ж. 427 0