Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 8 адамнан коронавирус анықталды

Қызылордада 8 адамнан коронавирус анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 791 адам короновирус инфекциясынан (10 722 КВИ+ және 12 109 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 212 пациент стационарда, 17 579 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 299 адамның жағдайы ауыр;
• 45 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстанда өткен тәулікте 742 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 114
Алматы қаласы - 94
Шымкент қаласы - 2
Ақмола облысы - 58
Ақтөбе облысы - 10
Алматы облысы - 52
Атырау облысы - 101
Шығыс Қазақстан облысы - 39
Жамбыл облысы - 14
Батыс Қазақстан облысы - 40
Қарағанды облысы - 25
Қостанай облысы - 56
Қызылорда облысы - 8
Маңғыстау облысы - 7
Павлодар облысы - 55
Солтүстік Қазақстан облысы - 55
Түркістан облысы - 12
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 159044.

stan.kz

06 қаңтар 2021 ж. 321 0