Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда биыл көлік қымбаттайды

Қазақстанда биыл көлік қымбаттайды

Отандық сарапшылар бірқатар себептерге байланысты биыл көліктердің қымбаттауын болжап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Арна мәліметінше, Қазақстандық нарықтағы автокөліктер бір жылда кем дегенде 10% қымбатаған. Халық арасында сұранысқа ие барлық көліктердің бағасы айтарлықтай көтерілген. Мәселен, Toyota Land Cruiser 200 жиырма процентке дейін қымбаттады. Мұндай мәліметтерді Колеса.кз сарапшылары айтып отыр. Бұған себеп - жаңа көліктерге бағаның өсуі.
Бұған қоса, 2020 жылдың екінші жартысында танымал модельдердің тапшылығы байқалыпты. Темір тұлпарлардың бағасының өсуіне қазақстандықтардың инфляциялық көрсеткіштері де көтерілу де әсер етті дейді сарапшылар. Биыл жаңа көліктер тағы қымбаттауы мүмкін екен. Өйткені бүгінгі күні металлургия өнімдерінің бағасының күрт өсіпті. Металдар орташа есеппен 35-тен 50% дейін қымбаттаған. Бұл жеңіл көліктердің өзіндік құнына ғана емес, сонымен қатар ауылшаруашылық техникасына да әсер етеді.

stan.kz
06 қаңтар 2021 ж. 449 0