Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар қандай көлікпен жүреді?

Қазақстандықтар қандай көлікпен жүреді?

Көлік тізгіндеп жүргендердің басым көпшілігінің қалтасы құны 5 миллион теңгеден асатын автомобильдерді алуға жетпейді.
Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысына сенсек, елде 310,2 мың жеңіл автокөлік тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,8 пайызға аз. Аталған деректерді kazautoprom.kz сайты келтіреді. Көліктердің басым көпшілігіне, яғни 63,9 пайызына зауыттан шыққанына он жылдан асқан. 7-10 жыл аралығындағылар 7,2%, 3-7 жыл аралығындағылар 16%-ды құрайды. Отандық автопарктегі 3 «жасқа» дейінгі жаңа көліктердің үлесі 10,2%. Сатып алынған көліктердің орташа бағасы 8,8 млн теңге құрап, бір жылда автокөлік құны 6 пайызға қымбаттағанын көрсетіп отыр. Отандық көліктердің орташа бағасы 6,6 млн теңге, шетелдікдің бағасы 10,9 млн теңге құраған. 
31 шілде 2019 ж. 1 111 0