Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандағы холестеринді азайтатын тағамдар

Қандағы холестеринді азайтатын тағамдар

Қанда "жақсы" және "жаман" холестерин болады. Жаман холестерин қанды тұтықтырып, қан айналымын нашарлатады. "Ал жаман холестериннен арылудың эолы – дұрыс тамақтану" дейді мамандар. Бұл жайлы Express басылымы хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, адам күнделікті өмірде магний қоспасы көп тағамдарды тұтынғаны жөн. Ондай тағамдар жаман холестеринді азайтып, жақсы холестериннің ағзада көбеюіне жол ашады. Сондай-ақ, магний –  қандағы қант пен қан қысымын реттеуге көмектесетін минерал.

Ал қандағы холестеринді реттейтін тағы бір қоспа – ол көк шай. Көк шай жүрек ауруларының алдын алуға көмектеседі. Оның құрамында антиоксиданттық қабілеті бар полифенол мол болады. Ал мұндай химиялық антиоксидант бактерияға, вирус пен қатерлі ісікке қарсы ағза иммунитетін күшейтеді.

Қандағы холестеринді түсіретін тағы үш азық-түлік бар екен: зығыр майы мен зығыр дәні, бөрікгүл, жасұнық. Күнделікті тағам рационына осыларды қосқан жөн.

Холестерин дегеніміз – адам ағзасында болатын, зат алмасымына керек липидті зат. Ол жасушаның қабыршағын қаптауға қажет. Бірақ нормамен болғаны жөн. Әйтпесе, көбейіп кетсе, қан жасушаларының қозғалысына кедергі келтіріп, қанды тұтықтырады. Ал мұның соңы өлімге, жүрек талмасына себеп болуы мүмкін.

massaget.kz
06 қаңтар 2021 ж. 995 0