Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы қорынан алынған қаражат пайдаланылмаса кері қайтарылады

Зейнетақы қорынан алынған қаражат пайдаланылмаса кері қайтарылады

Зейнетақы қорынан алынған қаражат 45 күннің ішінде мақсатты түрде жұмсалмаса ол толық көлемде азаматтың БЖЗҚ-дағы қорына кері қайтарылады. Бұл туралы «Отбасы банкі» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Facebook-де өткен тікелей эфир барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Егер зейнетақы қорынан аударылған ақша 45 күннің ішінде үй алуға пайдаланылмаса, онда қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады. Яғни бұл тұрғыда нақты шектеу қойылған. Егер ақша алынғаннан кейін 45 күннің ішінде қолданылмаса, ақшаның нақты мақсатты бағытқа пайдаланылғанын растайтын құжатты көрмесек, онда ол қаражат БЖЗҚ-дағы өз жинағыңызға толық көлемде қайтарылады», – деді Ләззат Ибрагимова.
kyzylorda-news.kz​​​
07 қаңтар 2021 ж. 726 0