Жұмаға арналған ауа райы болжамы
Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де Солтүстік антициклон жотасының ықпалында болады және аязды, қар, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде түнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, батысында – көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
kyzylorda-news.kz