Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайсар» дайындықты бастады

«Қайсар» дайындықты бастады

«Қайсар» футбол клубы екінші оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Команданың бас бапкері Сұлтан Әбілдаев оған тек жергілікті футболшыларды шақырды. Жақын арада командаға сырттан келген ойыншылар да қосылады.
Оқу — жаттығу жиынына келесі спортшылар шақырту алды: қақпашылар Нұрымжан Салайдин мен Нұрмат Сәрсенов, қорғаушылар — Олжас Алтаев, Алдан Балтаев, Абылайхан Төлегенов, Руслан Дүйсенбаев, Елжас Сарбай, Елолат Серік және Айбол Жахаев, жартылай қорғаушылар — Думан Нәрзілдаев, Ислам Әбілқасов, Ерболат Рүстемов, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетов, Бауыржан Мағжан мен Самат Балымбетов, шабуылшылар-Өркен Махан, Шоқан Абзалов және Елжас Алтынбеков.

kyzylorda-news.kz

08 қаңтар 2021 ж. 486 0