Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » «Қайсар» дайындықты бастады

«Қайсар» дайындықты бастады

Кеше қызылордалық «Қайсар» футбол командасы екінші оқу-жаттығу жиынын бастады.
Бас бапкер Сұлтан Әбілдаев жиынға тек жергілікті футболшыларды шақыртты.
Жиынға шақырту алған футболшыларды атап өтер болсақ, Нұрымжан Салайдын, Нұрмат Сәрсенов (қақпашылар), Олжас Алтаев, Алдан Балтаев, Абылайхан Төлегенов, Руслан Дүйсенбаев, Елжас Сарбай, Ерболат Серік, Айбол Жахаев (қорғаушылар), Думан Нәрзілдаев, Ислам Әбілқасов, Ерболат Рүстемов, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетов, Бауыржан Мағжан, Самат Балымбетов (жартылай қорғаушылар), Өркен Махан, Шоқан Абзалов, Елжас Алтынбеков (шабуылшылар).
Айта кетейік, командаға келетін өзге футболшылар алдағы уақытта қосылатын болады.
kyzylorda-news.kz
06 қаңтар 2021 ж. 203 0