Мұздағы жүріс- тұрыс қағидасы

Мұз үстінде абай болыңыз! Көп жағдайда мұз үстіне балық аулау үшін не месе жол қысқарту мақсатында дарияны кесіп өтетіндігі бәрімізге мәлім. Бірақ мұндай іс-әрекет қауіпті болуы мүмкін, әсіресе сол жер белгіленбеген немесе зерттелмеген болса. Өйткені қар астындағы мұз ашық жердегі мұзға қарағанда, өте жұқа бола ды, сонымен қатар мұзда жылымдар мен ойықтар болады. Бұл жағдай қайғылы оқиғаларға әкеліп соғуы мүмкін, дегенмен де өз өмірін тәуекелге тігіп, сақтық шараларын ұмытуға болмайтындығын әрқашан естен шығармаған абзал Егер де Сіз біреудің апатқа ұшырағанын көрсеңіз, 112 телефоны арқылы құтқару қызметін шақыртып, зардап шеккенге көмек көрсетіңіз. Көмек көрсете отырып, келесі ережелерді сақтаңыз:
– мұз сынған жерге еңбектеп жақындаңыз, өйткені өзіңіз мұз астына түсіп кетуіңіз мүмкін;
– құтқарған уақытта жақын жерде жатқан тақтайша, бұтақша, шаңғы, шана немесе басқа затты пайдалану керек. Осы заттардың біреуін алдыңызға салып, еңбектеп барып, мұз сынған жерге 3-4 метрге дейін жетпей, зардап шеккен адамға созыңыз. Содан кейін оны судан тартып, жағаға не месе мықты мұздың үстіне шығарыңыз;
– мұз астына түсіп кетсеңіз, дереу көмекке шақырыңыз. Көмек келгенше дейін тыныштық сақтаңыз, абыржып, суда тырбаңдамаңыз. Кеудеңізбен мұз шетіне сүйеніп, жағаға қарай немесе қауіпсіз жерге қарай жылжып көріңіз.
А. Сыдықов,
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы,
азаматтық қорғау капитаны