Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері

1) жұқа және бекімеген мұз үстіне шығуға;
2) мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға;
3) мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;
4) автомобильдермен арнайы жасақталған өткелдерден тыс жерге, яғни су айдындарына шығуға;
5) мұз үстіне түнгі уақытта және дұрыс көрінбейтін кезде шығуға рұқсат етілмейді.
Жеке құтқару құралдары болғанда ғана мұз үстінде балық аулауға рұқсат етіледі. Сонымен қатар мұз астынан балық аулау кезінде:
1) шектелген алаңда екеуден артық шұңқырша оюға;
2) мұз үстінде от жағуға рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар су айдындарының маңында орналасқан елді мекен тұрғындары өз балаларының мұз үстіне шығып ойнамауына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатаң қадағалағаны абзал.
С. Жанайдархан,
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты