Нақты істің партиясын таңдау маңызды
Өткен жылы Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойғаны баршаға белгілі. Сол күннен бастап барша қазақстандықтардың осы саяси додаға назары ауды. Бұған себеп көп. Әсіресе ел дамуы мен халықтың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ететін партияныңәділ сайлануы басты назарда.
Иә, расында саяси додаға түсіп жатқан қай партияның болмасын басты ұстанымы – тұрғындарға жайлы жағдай жасау. Барша қазақстандықтардың көкейіндегі күрделі мәселені шеше отырып, елмен етене жұмыс істеу екені белгілі.
Осы бағытта өздерінің сайлауалды бағдарламаларын да жұртшылыққа таныстырды. Үгіт-насихат жұмыстары уақытында мен де партиялардың бағдарламаларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қарап шықтым. Расында аталған жобалардың жемісті боларына күмән жоқ. Тұрғындардағы ендігі тілек сол бастамалар тек сөз жүзінде қалмай, іс жүзінде жүзеге асуы.
Сондай-ақ, мені елең еттірген өзгеріс халық қалаулылары қатарында жастардың үлесі жоғары болуы. Шындығында бүгінгі қоғам жастардың тың идеяларын талап етеді. Болашаққа жастардың көзімен қарасақ келешекке жасаған қадамымыз нығая түсері анық. Бәсекеге қабілеттілікті көздеген мемлекеттік саясаттың осы бастамасы өте орынды деп білемін. Сонымен қатар жастардың белсенділігі артып, мол тәжірибе жинайды.
Міне, осы мәселенің барлығын өзімше тұғырымдап бүгін өз таңдауымды жасап, қолдайтын партияма дауыс беремін. Барша аралдықтарды да дауыс беруге шақырамын.
Айбосынов Кішкене,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы