Апта соңында аяз қайта күшейеді
12-14 қаңтар аралығында еліміздің басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды «Хабар 24». Атлантикалық циклон солтүстікке жаяу бұрқасын, батысы мен оңтүстігіне жаңбыр мен қар әкеледі. Кей жерде тұман мен жел күшейеді. Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста көктайғақ болады.
Синоптиктердің болжауынша, республиканың басым бөлігіне Салехард аудандарынан антициклон жылжиды. Осыған байланысты, апта соңына қарай ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.
24.kz