Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер неге ақ түсті халат киеді?

Дәрігерлер неге ақ түсті халат киеді?

Дәрігерлер ежелден-ақ қарапайым халықтан ерекшелейтін киім киетін. Ал ақ халат тек XIX ғасырда қолданысқа енді.
Оба дерті өршіп тұрғанда дәрігерлер қара пальто, бас киім, былғарыдан тігілген шалбар киіп, құс тұмсығына ұқсас үлкен маска таққан. Бұл форманың ғылымға еш қатысы жоқ. Ертеде дәрігерлер сұсты киім мен түрлі шөп дәрінің иісі аты жаман аурудан сақтайды деп сенген. 

Орта ғасырда Еуропа дәрігерлері деңгейіне қарай түрлі түсті киім киген. Мысалы бай-шонжарларды емдейтін дәрігерлердің киімі тек қымбат мата мен былғарыдан тігілсе, қара халықтың арасында нәпақасын тапқан дәрігерлер тек өзгелерден ерекшелейтіндей етіп киінген. 
Дәрігерлер 1860 жылдан бастап ақ түсті киім кие бастады. Сол жылы АҚШ дәрігері Джозеф Листер ауруханада қызметкерлерін ақ түсті киім киюге міндеттеген. Өйткені арнайы ақ форма жұмыс істеуге ыңғайлы әрі кір болғаны бірден байқалады. Сондықтан дәрігерлер ақ түсті арнайы жұмыс формасын кие бастаған. Оның үстіне уақыт өте дәрігерлер бұл форманың ыңғайлы екенін түсінеді. Өйткені ақ киімді хлормен жуғанда өңі кетпейді.

Дегенмен бүгінде басқа түсті форма киетін дәрігерлер бар. Хирург мамандар жасыл немесе көк халат киеді. Өйткені операция барысында бөлмедегі жарықпен үйлескен ақ халат бір сәтке адамның көзін аштырмай тастайды екен. Ал өлім мен өмір арасындағы арпалыста әр секунд маңызды. Ота жасайтын бөлмедегі жарық шамдарының әсерінен ақ түсті халатқа қарай алмайсың. Жарық шағылысып, ота жасауға кедергі келдіреді екен.

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елінде дәрігерлер жасыл немесе көк түсті халат киеді. Ал мейірбике немесе емханадағы дәрігерлер ақ халаттарын әлі күнге дейін тастамаған.

massaget.kz


13 қаңтар 2021 ж. 643 0