Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » SMS хабарлама арқылы зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады

SMS хабарлама арқылы зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады

SMS арқылы зейнетақы жинақтарын тексеруге арналған БЖЗҚ-ның жаңа қызметі пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Инвесторларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу ақысын төлеу, сондай-ақ жеке меншік басқарушы компаниялардың инвестициялық басқаруға беру үшін мақсатты пайдалануға қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу үшін жаңа қосымша қызметті іске қосты, делінген БЖЗҚ хабарламасында.
Қызметті пайдалану үшін, cabinet.enpf.kz/porog порталына кіріп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы жіберілетін бір реттік парольмен кіру керек.
Бір реттік құпия сөзбен авторизациялау үшін сізге бірнеше қадам жасау қажет:
ЖСН мен ұялы телефон нөмірін енгізіңіз;
жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісіміңізді беріңіз;
«Код жіберу» батырмасын басыңыз;
ұялы телефоннан алынған алты таңбалы кодты енгізіңіз.
"Бұл қосымша қызмет салымшыларға ыңғайлы және ЭСҚ-сыз және БЖЗҚ филиалдарына бармай-ақ жеткіліктілік шегін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Қызмет уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарына толық сәйкес келеді", - деп толықтырды БЖЗҚ.
15 қаңтар 2021 ж. 561 0