Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала құқығы қорғалады

Бала құқығы қорғалады

«Біз 2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз» деген болатын Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев VІІ шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында. Бұл мақсатқа жету үшін Президент 7 басымдықты атады. Соның ішінде екінші басымдық – тиімді әлеуметтік саясат. Әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта жаңғыртып, мемлекет көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға басымдық беруі тиіс екенін және отандық денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмысының маңыздылығын атап өтті.Кез келген мемлекетте, қандай қоғамда болмасын балалар ерекше қамқорлықта және қорғалуда болу керек. Барымыз да, ең қымбаттымыз да – балалар. Сондықтан олардың өмірі қалай, қаншалықты қалыптасқандығына, мемлекет олар үшін қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады. Міне, осы турасында алғашқы сессияда бала құқығы мәселесі де сөз болды. Президент балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алуды тапсырды.– Біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастырған жөн, – деді Президент. Сондай-ақ азаматтардың салауатты өмір салты – дені сау ұлтты қалыптастыратын алғышарт екенін тілге тиек етті.
Бұл тұрғыда Арал ауданы бойынша білім бөлімі жасөспірімдермен ұдайы байланыс орнатып, арнайы мамандар жұмыс жасауда. Ұлт саулығы, ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға қойып, алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын таба бермек.
Жомарт Қуанышбаев,
Арал ауданы бойынша білім бөлімінің статист маманы
15 қаңтар 2021 ж. 1 649 0