Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты міндет – елдің әл-ауқатын жақсарту

Басты міндет – елдің әл-ауқатын жақсарту

Тіршілікте әрбір отбасы лайықты өмір сүргісі келеді. Кез келген адам игілігіне қажетті, кем дегенде, тамақ, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетілуін қамтамасыз етіп  және өз отбасының игілігі үшін барлық қызметкердің жүйелі қалайды. Егер түрлі жағдайға байланысты (жұмыссыздық, ауыру, мүгедектік, кәрілік немесе асыраушысынан айырылғанда) күнелтуге қажетті қаражат болмаған жағдайда азамат мемлекет тарапынан көрсетілетін жәрдемге сүйенеді.
Жақында ғана аймақтарда үміткерлер пікірсайыстар ұйымдастырып, аталған науқанға не себепті қатысып жатқанын, болашақта қандай мәсе­лені көтеріп, оң шешімін табуға се­бепші болатыны жайында айтып, халықпен кездесулер өткізді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың отбасында болып, олардың тұрмыс-тіршілігімен де танысты. Сол уақытта жұртшылық ел азаматтарына өздеріне қажетті жағдайларын айтып, оларға зор сенім артты. Міне, енді осы үміткерлер арасынан ел сенімін ақтаймын деген азаматтар таңдалды.
Соған сәйкес бүгінгі халықтың әл-ауқатын арттыру жолында айтылған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында: "Барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз керек. Басты басымдық – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру. Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді. Халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жемісті болғанын қалайды. Біз осы мақсаттағы ауқымды жұмыстарға барлық белсенді азаматтарды тартамыз" – деді.  Халық та Үкіметке үміт артып, ойында жүрген мәселелері шешімін табады деп деген ойдамыз.
Жалпы, халықтың әл-ауқатын арттыруда әлеуметтік саясаттың маңызы зор. Сол себепті де Президент жаңадан сайланған депутаттарға осылайша сенім артты. Қазірде әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасалып, оны түбегейлі жаңарту бағытында нақты міндеттер қойып отыр. Жүктелген тапсырмалар қоғамда шешілмей жатқан біраз мәселенің шешімін табуына түрткі болады деген үміттеміз.
Г. Алдашева,
көп балалы ана
Арал қаласы
15 қаңтар 2021 ж. 485 0