Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүмкіндігі шектеулі жандармен жүздесті

Мүмкіндігі шектеулі жандармен жүздесті

Қоғамда өзіндік тұлға болып қалыптасқан мүгедек жандарды Үкімет назардан тыс қалдырып жатқан жоқ. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қанағат Махамбетова мен Индира Жұмашева мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді. Кездесуде үміткерлер азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші екендігін және білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру жағдайын арттыруға күш салатынын айтты. Аудан көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін негізгі көмектерге тоқталып, оларға әрдайым қолдау барын тілге тиек етті. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мүмкіндіктер мен қолдауларды, қоғам тарапынан көрсетілетін негізгі қамқорлық бағыттағы жұмыстарды жоғары деңгейде деп бағалады. Өңірде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны құруға айрықша назар аударылатын болады. 2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 100 пайыз кедергісіз ортаға қол жеткізу, 2021 жылы мүгедектерге жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде, қолдау, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізу, әр ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыра отырып, қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға қолдау көрсету ықпал етеді.
«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Үміткерлер кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында қолға алынатын бірқатар игі шаралармен таныстырып, тәуелсіздік алған уақыттан бергі партияның жеткен негізгі 7 жетістігі жазылған үнпарақшаларды таратып, партиядағы жаңарулармен бөлісіп, алдағы саяси науқанда еліміздің жетекші партиясы – «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді
29 желтоқсан 2020 ж. 551 0