Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді

Коронавирус: Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 17 қаңтар күнгі мәліметіне сәйкес, Қазақстанның 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай және Павлодар облыстары тұр. «Сары» аймақта Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Еске салсақ, 16 қаңтар күні «қызыл» аймақта Қазақстанның 3 өңірі орналасқан болатын.
Өткен бір тәулікте коронавирус індетінің жаңадан 978 жағдайы анықталды. Сондай-ақ 16 қаңтар күні індеттен 600-ге жуық адам жазылды.
inform.kz

17 қаңтар 2021 ж. 435 0