Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда боран салдарынан бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда боран салдарынан бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" синоптиктері 20 қаңтарда боран салдарынан Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Көкшетауда таңертең және күндіз боран соғып, тұман түседі, шығыстан оңтүстік-батысқа қарай жел соғады, екпіні секундына 15 метр.
Нұр-Сұлтан қаласында 20 қаңтарда таңертең және күндіз  жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
20 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болжануда. Оралда тұман түсіп, боран соғады.
20 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Қарағанда қаласында күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік-Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 20 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылордада көктайғақ болады.
Павлодар облысында қар, кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
20 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
stan.kz
20 қаңтар 2021 ж. 502 0