Екі контейнер өртеніп, үш адамды күйік шалды

Оқиға 26 қаңтарда «Қызылорда-Құмкөл» трассасының 25 шақырымында серіктестіктердің біріне қарасты бақылау өткізу бекетінде болған.
«Екі контейнермен бірге ондағы тұрмыстық заттар да толығымен жанды. Өрт ошағынан құтқарушылар 50 литрлік газ баллонын сыртқа шығарды. Оқиғада күйік алған үш адам жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
syrboyi.kz