Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қызылорда облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қызылорда облысы Шиелі ауданында тұрғын үй толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай ауылында болды. Жалпы ауданы 138 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің төбе жабыны жанған.
Тұрмыстық заттар да толығымен өртенген.
«Тілсіз жау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 5 қызметкері және 1 техника күшімен толық сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорда облысы Арал ауданында тұрғын үй өртеніп кеткенін хабарлаған едік.
26 қаңтар 2021 ж. 565 0