Ақтөбеде бір-біріне жапсарлас салынған екі үй күлге айналды

Ақтөбе қаласы Қостанай көшесінде 24 сәуір күні сағат 11:33-те үй өртенді. Алдымен жеке үйден өрт шығып, кейін жапсарлас орналасқан үй мен дүкен жанды. Өрт 12:25-те сөндірілді. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 59 жастағы әйелдің екі қолын күйік шалды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. «Өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге 4 техника мен 16 қызметкер жіберілді. Жалпы аумағы - 145 шарты метр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
https://www.inform.kz