Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде дене шынықтыру пәні мұғалімдері жаңа қосымша ақы алатын болады

Елімізде дене шынықтыру пәні мұғалімдері жаңа қосымша ақы алатын болады

Қазақстан 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің айлығына қосымша ақы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балабақшалар, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды

Бұдан былай дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақысына ай сайын қосымша 17 697 теңге төленеді. Өз кезегінде мұғалімдердің жұмысы қиындайды.

Енді дене шынықтыру мұғалімдері әдеттегі сабақтарынан бөлек, қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын, яғни секцияларды өткізеді.

Әр мұғалім қосымша секциялық сабақ жүктеледі. Оқушылар мектептегі қажетті жабдықтарының болуына байланысты түрлі спорт секцияларына қатыса алады.

stan.kz
28 қаңтар 2021 ж. 711 0