Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Боксшы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Боксшы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев ТМД елдері мемлекеттерінің дене шынықтыру және спорт кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

Сайлау Щучинск қаласында өтті. Кеңестің барлық мүшесінің бірауыздан шыққан шешімімен Серік Сәпиев 2019-2020 жылдарғы Дене шынықтыру және спорт кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. 
Кеңес мүшелері дене шынықтыру мен спорт саласына қатысты Қазақстан мен ТМД мемлекеттерінің саясатын жүзеге асыру, елдегі спорт саласына цифрлық технологияны енгізу, сондай-ақ, 2021-2030 жылдарға арналған жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. 
Кездесу нәтижесінде ТМД елдерінің дене шыынықтыру және спорт кеңесінің шешіміне қатысты хаттамасына қол қойылды. Аталған жиын жыл сайын ТМД мемлекеттерінде өткізіледі. 2018 жылы шара Арменияда өткен болатын. Келесі жылы Татарстанда өтеді деп жоспарлануда.
06 маусым 2019 ж. 892 0