Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиада чемпионының жұбайы басшылық қызметке тағайындалды

Олимпиада чемпионының жұбайы басшылық қызметке тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ауысты.

Осыған дейін басшылық етіп келген Асқар Можановтың орнына жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жұбайы Денис Рыпаков тағайындалды. 
"Бұл азаматты барлығыңыз да жақсы білесіздер. Денис Рыпаков – танымал спортшы ғана емес, сондай-ақ осы салада түрлі басшылық қызмет атқарған білікті маман, тәжірибелі басшы. Мәселен, ол бүгінде Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығына басқарып, өңір спорты үшін ғана емес, республикалық маңызға ие жұмыстардың басы-қасында жүр. Денис Рыпаков республикалық жеңіл атлетика федерациясымен де тығыз байланыста. Ол – еліміздегі аталмыш спорт түрінің беткеұстар мамандарының бірі. Сондықтан Денисті осындай басшылық қызметке тағайындау өте орынды шешім деп білемін. Жаңа басшы сенім үдесінен шығатынына күмәнім жоқ", - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. 
Айта кетейік, Денис Рыпаков1980 жылы 20 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясының дене шынықтыру институтын аяқтаған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Соңғы жылдары «ШҚО Жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебін» басқарды.
Спортшы ретінде орта қашықтыққа жүгіруден 2003 жылы Универсиада ойындарының күміс жүлдесін еншілеген.
05 маусым 2019 ж. 862 0