Халықаралық Қажымұқан жарысының жеңімпаздары анықталды

Абсолютті салмақта 32 балуан өнер көрсетті. Нәтижесінде жүлделі үшінші орынды Моңғолия балуаны Дорж Анар иеленді. Ал, алыптардың айқасындағы ақтық сында алматылық Руслан Әбдіразақов пен моңғолиялық Серік Бердімұрат кездесіп, бар күштерін ортаға салды. Тартысты өткен белдесуде Руслан Әбдіразақов қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, халықаралық турнирдің жеңімпазы атанып, бас жүлдеге тігілген "Нива" автокөлігінің иесі атанды. Ал жүлделі екінші орын моңғолиялық Серік Бердімұратқа бұйырды.
Қажымұқан Мұңайтпасұлының 148 жылдығына орай қазақ күресінен өткен дәстүрлі халықаралық турнирдің 8 салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы тағайындалған естелік сыйлықтармен марапатталды.