Бекзат Саттархановтың інісі бокс турнирінде жеңімпаз атанды

Бір аптаға созылған байрақты бәсеке аса тартысты өтті. Жақсы дайындықпен келіп, шеберлігін танытқан боксшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Оларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев пен Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада мектебінің директоры Дәурен Тәңірбергенов марапаттады.
inform.kz
